"Оңтүстік стартап" жүлдегерлері

«Ontustik Startup-2020» үздік жобалары анықталды

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген байқауға 2 ай ішінде мектеп оқушыларынан 30-ға жуық жоба қабылданып, 10 жоба финалдық турға жолдама алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік жобалар туризм, IT, ғылым және техника, әлеуметтік жобалар, агро-бизнес бағыттары бойынша ұсынылған.

Жансейітов Олжас,Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жансейітов Олжас:«Жобаның барлығы 2 этаптан өтті. Бұл үшінші этап. Бірінші және екінші этапта ұйымдастырушылармен бірге барлық жобаның кемшіліктерін қарап шықтық. Жоба авторларына кем-кетігі айтылды. Бизнес жоспарларға қатысты мәселелер де болды. Зиянды жақтары, пайдалы тұстары, сату бағасы, барлығы ескерілді. Барлығы қызық, инновациялық бағытта екен. Біз олардың арасынан бәсекеге қабілетті, нарықта сұранысқа ие болатын 3 жобаны таңдап алдық. Осындай конкурстар балалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға, қызығушылығын арттыруға көмек береді деп ойлаймын».

«Оңтүстік стартап» жобасына 30 оқушы жұмысын тапсырған

Конкурстың басты идеясы өмірдің сапа стандарттарын жетілдіруге бағытталған өзекті, әлеуметтік маңызға ие және перспективалық бизнес бастамаларды қолдау және іріктеу, сондай-ақ, бизнес қауымдастық пен жоба авторларының қарым-қатынасын жетілдіруге бағытталған.

Конкурстың мақсаты — креативті және инновациялық идея мен жобаларды іздеу, жасөспірімдерді пайдалы және рентабельді идеяларды ойлап табуға қолдау көрсету, жас әрі инновациялық жасөспірімдерді тәрбиелеу болып табылады.

Сонымен, әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Ендібаева Аружан мен Елшібай Алияның «Бие сүтінен балмұздақ жасау» жобасы І орынға лайық деп танылды. Олар бие сүтінен үш түрлі балмұздақ жасаған. 40-тан астам белсенді биологиялық компоненттері бар саумалдан жасалған балмұздақтың бір ерекшелігі қант диабетіне шалдыққандар да аталған тәтті өнімді алаңсыз жей алады екен. Жаңа өнімнің жаңалығы да тап осы калориясының төмен болуында.

Ендібаева Аружан мен Елшібай Алия

Өнертапқыштардың айтуынша, бие сүті және табиғи таза өнімдерден әзірленген балмұздақтың калориясы кәдімгі тәттілерге қарағанда 2-3 есе төмен. Аталған өнімнің тағы бір пайдалы тұсы – баланың иммунитетін көтеретіндігі.

Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясының оқушылары: Бақтыбай Ғабиден, Мусаев Жантөре «Jarvis» роботы жобасымен ІІ орынды жеңіп алды. «Ақылды жылыжай» жобасын ұсынған Тұран Елдос жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*