Шымкент еріктілері ардагерлерге көмектесті

Қарттарға құрмет-ұрпақ парызы

«Қарты бар елдің қазынасы бар» деп атам қазақ бекер айтпаған болар. Қазыналы қарттарымызды құрметтеу, бүгінгі ұрпақ, біздің басты парызымыз. Осылай деген Шымкенттің бір топ ерікті жастары қаладағы Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл еңбегі ардагерлерінің үйіне барды.

«Жеңіс» қайырымдылық жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігі, Жастар ресурстық орталығы мен «Даумед» медициналық орталығының қызметкерлері біріккен. Осы аталған ұйымдардан жасақталған ерікті топ шаһардағы қамқорлыққа мұқтаж қарттардың үйіне арнайы барып, хал-жағдайларын білді. Бірі денсаулығын тексерсе, бірі үй жинап, үй шаруасына көмек көрсетті.

Енді бі жұдырыққа жұмылған топ әр ай сайын әлеуметтік көмек көрсетуге жиналып тұрмақ. Олар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай әлеуметтік волонтерлық жұмыстарға тартылады.

Сондай ақ, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігі мектеп оқушыларын ерікті болуға үйретіп жүр екен. Олар №20 мектеп-гимназиясында семинар өткізіп, белсенді оқушыларға ерікті болудың артықшылығын түсіндірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*