«Есіңе мені алғайсың» кеші өтті


Шымкенттені «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Дария» дамыту орталығының бірлесе ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдық мерейтойына орай «Есіңе мені алғайсың!» атты музыкалық-поэзиялық кеші өтті.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Қазақ поэзиясының Хантәңірі –Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кеште
№64 жалпы орта мектебінің оқушылары, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері Айнекова Сәуле, Джусупбаева Жұлдыз ақынның өлеңдерін оқып, әсем ән тарту етті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*