Пай-Пай, қазақтың келіндері-ай

«Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» Осындай атаумен Шымкенттегі № 129 жалпы орта білім беретін мектебінде келіндер сайысы өтті. Әл-Фараби аудан аумағында орналасқан оқу ордасының ұжымы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасылық тәрбие, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту мен сақтау мақсатында сайыс өткізген.

Қазақ әуелден «келіні жақсының керегесі алтын» деп босағадан аттаған жас жанның тәрбиесі мен көрген-түйгеніне мән берген. Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан осы үрдіс бүгін де өз маңыздылығын жойған жоқ. Оған мектеп ұясында өткен келіндердің сайысы тағы бір рет дәлел болды.

Түркістан облысы ата-ана комитетінің төрағасы, «Ұстаз нұры» редакцияның бас редакторы Әнуарбек Бейсе, Шымкент қаласы кәсіподақ комитетінің төрағасы Жүзімбаев Бекболат, № 129 ЖОМ-нің директоры Ғалымжан Алматов, Сәуле шағынауданының мемлекеттік, әскери мекемелерінің қызметкерлерімен тұрғындары сайыс көрермендері болды.
Сайыстың шартына орай келіндер өздерін таныстырды. Өнерлерін ортаға салып, қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсетті. Сұрақтарға жауап беріп, ұлттық тағам түрлерін дайындады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тәрбиелік маңызы зор мұндай байқаулар әлі де жалғасын таба бермек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*