Дене шынықтыру пәндеріне Қазақ күресі енгізілмек

Қазақ күресі елордадағы бес мектептің бағдарламасына енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясының президенті — Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Федерация президентінің айтуынша, Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмысы қолға алынған.

1-4 сынып аралығында Қазақ күресінің акробатикалық жаттығуларын үйрету қарастырылған. Ал 5-11 сынып оқушыларын кәсіби тұрғыда дайындау жоспарлануда.

«Алдағы оқу жылы пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтан қаласында бес мектепте дене шынықтыру пәндеріне Қазақ күресі енгізіледі. Әлемнің көптеген елінде ұлттық спорт міндетті түрде мектепте оқытылады. Сол себепті жұмысты реттеп алу үшін бастапқыда бес мектепке факультативті пилоттық жоба ретінде енгіздік», — деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, Федерация осы мақсаттың ізінше тиісті мамандарды дайындау үшін арнайы оқу орнын ашуды көздеп отыр. Яғни, мамандар дайындайтын Қазақ күресі академиясын ашуды жоспарланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*