Желдің салдары қалпына келтірілді


Шахардағы Еңбекші, Қаратау, Абай, Әл-Фараби аудандарының бірнеше көшелерінде электр сымдары үзіліп, тұрғындар электр қуатынан ажыратылған еді. Бір күн бұрын 9 ақпанда оңтүстік-батыс бағытында жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 15-тен 25 метрге дейін жететіндігі туралы дауылды алдын алу ескерту болған.

Десе де, көптеген көшелерде талдар құлап, электр сымдарын үзіп жіберген. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жарықсыз қалған тұрғындарға электр қуаты берілді.

Еске сала кетсек, оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 12 қызметкері, 4 техникасы жұмылдырылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*