Шымкентте «Маманнан кеңес» акциясы өтті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып «Маманнан кеңес» акциясын өткізді.
Акция Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында өтті. Онда түрлі салалардағы 20-дан астам маман тұрғындарға кеңес берді.
Акцияға келушілерді көбіне жер телімдеріне құжатты рәсімдеу, әлеуметтік көмекті алу, тұрғын үй, құқық қорғау қызметтері, сот шешімдері, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және т.б. сұрақтар қызықтырды.
Іс-шара барысында белгілі адвокаттар мен прокуратура, әділет, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік кірістер, полиция, денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй, жастар, кәсіпкерлер және тағы басқа да сала өкілдері 400-ден астам қала тұрғындарына кеңес берді.