Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Отырар қалашығына саяхаттап қайтты.
Белсенді жастар алдымен неше ғасырлық тарихы бар, сонау Шыңғыс хан 200 мың әскерімен 5 ай бойы ала алмаған Отырар қамалын көзбен көріп, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне барып бабаларға құран бағыштап, тарихи орындарды аралады.
«Отырар – әлемдік өркениетте өзіндік орны бар, тарихы терең, Ұлы Жібек жолының бойындағы көне шаһарлардың бірі. Бұл қала әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидың туған өлкесі. Бұл шаһар ХVІ-ХVІІІ ғасырларда Қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығы болған. Жалпы Отырар туралы адамдар жан-жақты біліп, ежелгі қалаға қатысты жәдігерлерді көзімен көруі керек» – дейді ОҚМУ жастары.