Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары Елдос Тұран,Нұрбек Шерехан, Жантөре Мұсаев, Ілияс Өміртай «Ino.lab» инновациялық лабораториясында қазақша сөйлейтін робот жасап шықты.

Жүлдегерлер №65 мектеп-гимназиясының оқушылары
Жас өнертапқыштар жасаған робот өздігінен қозғалып, қазақша қойылған сұрақтарға жауап бере алады және мобильді қосымшамен басқарылады.
Сондай-ақ, топ мүшелері Нұрбек Шерехан, Жантөре Мұсаев, Ілияс Өміртайдың да робот жасауға зор үлес қосқанын жеткізді. «INO» командасы өздері құрастырған қазақша сөйлейтін роботты «U:hack» инновациялық идеялар фестивалінде көпшілік назарына ұсынды.