Шым шахарда бағаны тұрақтандыру бойынша өткен жылы 208 жәрмеңке өткен. Қалалық әкімдік баспасөзінің мәліметінше, жыл қорытындысымен бөлшек тауар айналымының көлемі 381,6 млрд. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 7,1% артқан. Қала аумағында бағаны тұрақтандыру мақсатында апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылып, жыл басынан қала бойынша 208 жәрмеңке өткізілген.
«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жанынан тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін 300 млн. теңге қаралған. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорына қаралған қаржы есебінен (100 млн. тг.) қала аумағындағы наубайханалар ұнмен қамтамасыз етілуде.
Шымкент қаласының аумағында базарларды белгіленген нормаларға сәйкестендіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жалпы, қала аумағында 37 сауда базарлары жұмыс істеуде, оның ішінде 24-і әмбебап,13-і мамандандырылған.
Сонымен қатар, мал базары және «Бахыт» базарының құрылыс жұмыстары да аяқталып қалыпты.