Шымкент еріктілері соғыс ардагерлерінің естеліктерін үйлеріне барып жазып алуды бастады. Жинақталған естеліктер әдеби өңдеуден өткеннен кейін ғана кітап болып басылып шығады. Белсенділер қаладағы барлық ардагерлерді қамтуды жоспарлап отыр.
Бүгінде Шым шахарда көзі тірі 43 ардагер бар екен. Барлығының жасы 90-нан асқан. Сондықтан, ерікті жастар медицина қызметкерлерімен бірігіп, қариялардың денсаулықтарын тексеріп, үй шаруасында да қолғабыс етеді.
Данара Саранова, ерікті: «Біз қазір ҰОС ардагерлерінің өмірбаяны, ойы, соғыста бастан өткергендерін өз аузынан естіп, толық жазып алуға тырысып жатырмыз. Себебі, қариялармен көзі тірісінде әңгімелесіп, бастан өткен оқиғаларын жазып алу – болашақ ұрпақ үшін баға жетпес байлық болады. Осы жұмыстарымыздың нәтижесінде біз кітап шығарамыз.
Шымкент еріктілері естеліктер кітабын қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Жеңіс күні қарсаңында жинақтап, шығаруды жоспарлап отыр.