«Мәртебелі поэзия мінберінде» — Баян Тленшина

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында ақын, жазушы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Тіленшина Баян Керімқызының шығармашылығына арналған кеш өтті.

ОҚМУ студенттері ақын өлеңдерін оқыды

Поэзиялық кеш әдеттегідей Ұлы Абай жырларын оқудан бастау алды. Саттар Ерубаев атындағы √24 мектеп-лицейінің оқушылары Абай жырларын оқыса, әнші Нұржан Жүсіпбеков Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Порэзиялық кешке ақынның үзеңгілес әріптестері де келді

Мінбер төрінен орын алған ақын Баян Тіленшинаны оқырманы жақыннан тани түсті. Ақын өз жырларын жатқа оқып, келген тыңдарманды еліте түсті. Онан ОҚМУ студенттері жыр жалғап, өлеңдерді мәнерлеп оқып, тыңдармандар ықыласына бөленді.

Поэзиялық кешке ат салысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды

Жасы жетпіске жеткен лирик ақын Баян Керімқызы кездесуде сөз алып, өмірбаянымен, өлең, прозалық шығалмаларының шығу тарихымен таныстырды, сұрақтарға жауап берді.
Соңынан Сайрам ауданы мәдениет үйінің әншісі Гүлзат Барысқызы ақынның сөзіне жазылған «Бақытты бол» әнін орындап, кеш шырайын аша түсті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*