Биыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Шымкент 2200 жылдығын тойлайды. Әрі, «Шымкент — ТМД елдерінің мəдени астанасы» атанғаны белгілі. Сондықтан, республикалық жəне халықаралық дәрежедегі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Осыған орай, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Шым шахарға арнайы келіп, алдағы жоспарлармен танысты.
Министр жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар министрліктің тікелей бақылауында болатындығы айтылды.