Өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алдыңғы жылға қарағанда 1,0 мың гектарға артып 78,7 мың тонна өнім жиналған. Сонымен қатар, күзгі дала мен жиын терім жүргізуге 1000 тонна дизель отыны бөлінген.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өтінімдеріне сәйкес 330 тоннасы беріліп, қала аумағындағы шаруашылықтардың сұраныстары толық қамтамасыз етілген.
Шымкентте озық технологияларды қолдау мақсатында жаңадан 13,9 гектарға жылыжай салынып, оның жалпы көлемі 83,5 гектарға жеткен.