Шымкентте полицейлер түнгі рейдке шықты


Шымкент қаласының аудандық полиция қызметкерлері түнгі рейдке шықты.
Түнгі сағат оннан кейін жасы кәмелетке толмаған бала көшеде жүрмеуі тиіс. Олардың өміріне ата-анадан бөлек жауапты саналатын білім бөлімі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.


Сондықтан, Қаратау ауданы әкімдігі ұйымдастырған кезекті түнгі тексеру жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары және Жастар ресурстық орталығы мен жергілікті полиция өкілдері қатысты. Олар кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қоғамдық орындар мен ойын-сауық орындарында түнгі уақытта ата-анасыз жүруін болдырмау, жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ауданды аралау жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында Қаратау аудандық жергілікті полиция қызметі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес 9 хаттама толтырылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*