Өткен жылы Шымкентте біршама жұмыс жасалды. Нәтижесінде: Өнеркәсіп өнімі 2018 жылмен салыстырғанда 15 %-ға өсті.
Ауыл шаруашылық өнімі 6,3 %- ға, жаңа тұрғын үйлер 19,2 %-ға, ал, бөлшек сауда 7,1 %-ға көбейді.
М.Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Шымкентке келген сапарында Елбасы «Шымкент Орта Азияның экономикалық және мәдени орталығы болуы тиіс. Мұнда экономиканың перспективалы салалары бар. Мысалы азық-түлік, тоқыма кластері, құрылыс материалдары, фармацевтика салалары. Туризмді де дамыту қажет. Шымкент қонақтар үшін жайлы әрі тартымды мегаполиске айналуы тиіс» деген еді. Біз осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейміз. Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанды. Биыл ЮНЕСКО-мен бекітілген Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы да атап өтіледі».
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 2 индустриялды аймақ тиімді жұмыс жасауда. Қазіргі таңда, ол жерлерге 64 млрд.теңге құрайтын инвестиция тартылып, 72 жоба іске қосылған. Осының есебінен 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, бюджетке 13,4 млрд.теңге салық түсті.
М.Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Біз осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруымыз қажет. Қазіргі таңда, индустриялық аймақтардың жерлері толған, бос жерлер жоқ. Осы мақсатта алдағы 3 жылда жаңадан 2 индустриялды аймақ ашуды қолға алдық».