ШЫМКЕНТ: «ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 20 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

«Жұлдыз» индустриялық аймағының территориясы 306 гектарды құрайды. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

Бұл индустриалдық аймаққа Инвесторлардың қызығушылығы жоғары. Бүгіннің өзінде 20 жоба бойынша ұсыныс түсті, -деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі халыққа есеп беру барысында. Әкім есебі Түркістан сарайында өтті.

Тамақ, құрылыс және металлургия, медицина, машина жасау салалары бойынша 20 млрд. теңгенің жобалары іске қосылса, 1 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*