ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТОРЛАР ЕСЕБІНЕН 72 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 2 индустриялды аймақ тиімді жұмыс жасауда. Ол жерлерге 64 млрд.теңге құрайтын инвестиция тартылып, 72 жоба іске қосылған. Осының есебінен 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, бюджетке 13,4 млрд.теңге салық түсті. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылы атқарған жұмыстардың қорытындысы бойынша тұрғындарға берген есепті кездесуінде мәлімдеді.

М.Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Біз осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруымыз қажет. Қазіргі таңда, индустриялық аймақтардың жерлері толған, бос жерлер жоқ. Осы мақсатта алдағы 3 жылда жаңадан 2 индустриялды аймақ ашуды қолға алдық».

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*