«ОРДАБАСЫ» — «ВОРСКЛА» (ПОЛТАВА, УКРАИНА) 2:0

«Ордабасы» футбол командасы Түркия еліндегі оқу-жаттығу жиынында Украинаның » Ворскла » командасымен кездесіп 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетесек, кездесу барысында ойынға алмасып кірген жаңа ойыншылар жақсы нәтиже көрсеткен.


«Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе «Ордабасы» — «Ворскла» 2:0 матчына байланысты өз ойымен бөлісті:
— Жұмыс жағдайындағы сәттерге толы бақылау ойыны болды. Менің ойымша, уақыт өте келе біз ойынды жақсартып, футболшылардың сенімділігін арттырып, нәтиже беруге тиіспіз. Ал, командаға қосылған португалиялық Бриджидоға келетін болсақ, ол командамен үш күн ғана жұмыс істеді. Әрине, оған әлі бейімделу үшін уақыт қажет. Менің ойымша, ол ойынға жақсы араласа алды. Біздің командаға келгені өзінің жоғары мүмкіндіктерін толық көрсетіп,топқа міндетті түрде көмектеседі.


«Ордабасы» футбол командасының негізгі құрамы: Шайзада, Төлебек, Клещенко, Фонтанелло, Дәуітов, Досмағамбетов, Диакате, Махлангу, Бадибанга, Жоао Пауло, Жаңқылышбай.
Екінші таймда алаңға алмасып шыққан команда ойыншылары: Хижниченко, Симчевич, Астанов, Шамши, Бриджидо, Хаджиев және Жақсыбаев.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*