Бүгін түскі бірлер шамасында жанаржағармай тасымалдайтын көлік аударылып кеткен. Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлайды. Оқиға Бозарық тұрғын алабындағы айналма жолында орын алған.
Тасымалдау машина жалпы сыйымдылығы 23 тонналық «Камаз»(бензовоз) жүк көлігі «Гелиос» ЖШС-на қарасты. Алдын ала болжам бойынша жүргізуші рөлді басқара алмай, автокөлік бір бетіне аударылып, көліктегі АИ-95 маркалы бензин төгілген. Оқиға орнында өрт болған жоқ, ешкім зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ, қауіпсіздікті сақтау мақсатында өрт сөндірушілер төгілген мұнай өнімдеріне «Пурга-5» маркалы көбікті оқпанпен шабуыл жасады. Қазіргі уақытта төгілген жанар-жағар майдың көлемі анықталуда. Абырой болғанда оқиға салдарынан өрт шықпады, ешкім зардап шеккен жоқ.
Өрт сөндірушілер төгілген мұнай өнімінің бетін «Пурга-5» маркалы көбікпен көміп тастады. Қазір оқиғаның себеп-салдарын анықталу үстінде.
Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен Полиция мамандары жұмылдырылған.