Аға буын ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегі өскелең ұрпақтың мәңгі есінде. Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан баһадүр буынға лайықты сый-құрмет көрсету — қасиетті парызымыз. Отан үшін от кешкен жауынгерлеріміздің жартысы жат жерде жан тапсырып, аман қалғандары қайтып оралды.
Солардың бірі — Шымкент қаласының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері 1926 жылы 15 ақпанда туған Кичатов Семен.
Бүгінде ардагер 94-көктемін қарсы алып отырған қазыналы қария. Ел үшін етігімен су кешкен жауынгерлердің ерліктері ешқашан ұмытылмайды!
Айта кетейік, қазіргі таңда, Шымкент қаласында 42 Ұлы Отан соғысының және 4237-і тыл ардагері тұрады.