Шымкент қаласы төтенше жағдайлар басқармасы дағдарыс орталығы басшысының орынбасары Ерғали Бахаевтың басшылығымен жиналыс өтті.
Кездесуге қалалық басқармалар мен ұйымдардың басшылары, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары және жедел әрекет ету топтарының командирлері қатысты. Олар «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық жаттығуына дайындық жайын талқылады.
Ерғали Жарасбекұлы жаттығу жоспарымен таныстырып, көктемгі төтенше жағдайлар туындаған кезде қолданылатын күштер мен құралдарды нақтылап берді. Алдағы жаттығуларға барлығы 200-ге жуық техника мен 500-ден астам маман қатысады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар тиісті мекемелерге «Көктем-2020» республикалық оқу жаттығуы аясында практикалық іс-шараларды өткізу бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.