Бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында құрылған ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары жөнінде баспасөз брифингі өтті.
Брифинг барысында спикер, «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева бағдарламаны іске асырудағы 2019 жылы ұйымдастырылған іс-шаралар, негізгі жобалар және 2020 жылға арналған кешенді жоспар туралы кеңінен баяндады. Былтырғы жылы сәуір-желтоқсан айларында бағдарлама аясында жалпы 742 шағын және ауқымды іс-шаралар өткізіліп, онда 431 100 адам қамтылған.
Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу бойынша республикалық және өңірлік БАҚ-тарда, әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда 1917 материал жарық көрген.