Ұлы данышпанның ойынша қайырымды қаланың тұрғындары қандай дүниелерді есте сақтағаны жөн? Осы орайда әлем ұстазы бөліп берген 10 қағидатты өздеріңізге ұсынамыз.
Қайырымды қаланың барлық тұрғындары білуге ләзім ортақ нәрселер:
1. Олар Бірінші себепті және оның барлық атрибуттарын білуге тиіс;
2. Онан соң материядан бөлек өмір сүруші нәрселерді және бұлардың әрқайсысының атрибуттарын, cонымен қатар әрекетшіл парасатқа дейін бұлардың тұрған сатыcын және әрқайсысының іс-әрекетін білуі керек;
3. Бұдан кейін олар аспани субстанцияларды және бұлардың әрқайсысына тән атрибуттарын білуге тиіс;
4. Осы субстанциялардан төменірек орналасқан табиғи денелерді және бұлардың қалай құрылып, қалай бұзылатынын, сонымен қатар бұларда болып жатқан құбылыстардың бәрі кемелді, мінсіз, байыпты, әділ, дана екенін, сөйтіп мұның бәрінде ешқандай ақау, кемшілік және ешбір әділетсіздік жоқ екенін білуі керек;
5. Бұдан соң олар адамның шыққан тегін, жанның қабілеттері қалай пайда болатынын және әрекетшіл парасаттың мұны қалай нұрландырып, онда алғашқы ұғымдарды қалай қалыптастыратынын, сонымен қатар ерік пен еркін таңдауды білуге тиіс;
6. Бұлар бірінші басшыны және аянның қалай берілетінін білуге тиіс;
7. Онан соң белгілі бір кезеңде бірінші басшы болмай қалғанда оның орнын басуға тиісті басшыларды білуі керек;
8. Бұдан кейін олар қайырымды қала туралы, оның тұрғындары туралы және олардың жанды бақытқа қалай жеткізетіні жайында білуге тиіс;
9. Олар бұған қарама-қарсы қалалар туралы, олардың қайтыс болған тұрғындарының жандары не күйге түсетінін – біреулерінің бaқытсыздыққа ұшырап, екінші біреулерінің ғайып болатынын білуге тиіс;
10. Бұдан соң олар қайырымды халықтар туралы және оларға қарама-қарсы халықтар туралы білуге тиіс.