Ұлы Даладағы рухани-мәдени интергация үдерісіндегі Алтын Орда мемлекетінің орны мен рөлі

Шымкентте «Ұлы Даладағы рухани-мәдени интергация үдерісіндегі Алтын Орда мемлекетінің орны мен рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 100 жаңа оқулық залында ұйымдастырылған кездесуге Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі және Шымкент қалалық «Рухани Жаңғыру» бөлімінің мамандары, аталмыш оқу орынының профессор-оқытушылары, студент жастары ат салысты.

Кездесуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығын» атап өту туралы бастаманың маңызы түсіндіріліп, ел тарихындағы ұлттық тарихты оқып үйренудің кейбір «ақтаңдақ» тұстарымен таныстырылып, ол олқылықтарды түгелдеудің бүгінгі ғылыми жолдары туралы мағлұматтар алып, ой бөлісті.

Сондай- ақ, жиналған жастар ортағасырлық рухани-мәдени интеграциялық үдерістердегі Алтын Орда мемлекетінің аумағындағы халықтардың, оның ішінде кейінгі қазақ халқының құрамына енген елдердің тарихи, рухани-мәдени өзара ықпалдастықтары туралы ғылыми жаңалықтарымен танысуға мүмкіндік алды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*