Мәртебелі поэзия мінберінде-Қабылбек Төретайұлы

Бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында ақын, жазушы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Қабылбек Төретайұлы оқырмандарымен кездесті.


Қабылбек Төретайұлы 1950 жылы 13 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Қайнарбұлақ елді мекенінде дүниеге келген. 1993 жылы «Қазығұрт – қайнарбұлақ» атты жыр жинағына, 1995 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жыр кітабына бір топ өлеңдері енген. «Бас басына би болғаннан сақтасын» деген кітабы «Жібек жолы» баспасынан, «Жан шуағы» атты жыр жинағы «Зерде» баспасынан 1996 жылы шықты.

«Достар әні», «Жар назы», «Қызғалдақ дәурен», «Жауһазын ғұмыр», «Нұрлы наурыз», «Өмір – арман», «Періштедей пәк сезім», «Төле би», т.б. өлеңдеріне жазылған әндер облыстық, республикалық телерадио әуе толқындарында орындалып жүр.

Бұл жиынның ерекшелігі сол, ақынның сөзіне жазылған «Қызғалдақ-дәурен», «Достар әні» сияқты әдемі әндердің әнін жазған белгілі сазгер, қазіргі күндегі «қыздардың Шәмшісі» Құралай Сәтмұхамбетованың өзінің орындауы болды.

Төрге шыққан Төретайұлының басқа да қаламдастары жылы пікірін аяп қалмады. Мәселен, ақын Баян Тленшина да әріптесімен рухани туыстығын әңгімесіне арқау етіп, арнау өлеңін оқыды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*