ШЫМКЕНТ: АУДАНДАРДА ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫҢ МЕРЕЙТОЙЛАРЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛЕДІ

Үшінші мегаполистегі Әл-Фараби, Абай, Еңбекшi және Қаратау аудандарында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясында 2019 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланды.

Әл-Фараби ауданы әкімі Ғабит Мәуленқұлов, Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов, Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов және Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Бекназаров бағдарламалық мақаладағы алты бағыт бойынша жүзеге асқан жұмыстарды және 2020 жылғы жоспарларын таныстырды.
Былтыр төрт аудан бойынша да қайырымдылық көрсету, абаттандыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту, ұлы тұлғалар есімін ұлықтау, ұлттық бірегейлікті сақтауда бірақатар жұмыстар атқарылған.


Ғабит Патшаханұлының айтуынша, 2019 жылы көп қабатты үйлердің аулалары мен елдімекендерге 14600 көшет отырғызылды. Бүгінде тарихи маңызы зор Цитадельді қалпына келтіру, Қажымұқан атындағы Орталық стадионды жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.

Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Молдабайұлы жомарт азаматтардан 12 млн теңге жиналып, қайырымдылық көрсетілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, Абай ауданы әкімі Б.Парманов, Қаратау ауданы әкімі орынбасары Е.Бекназаров та негізгі жұмыстарды баяндап берді.

Биыл төрт аудан бойынша Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы және Шымкент – ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы аясында көптеген іс-шара өткізу жоспарланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*