Бүгін Оқушылар сарайында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында «Өлең – сөздің патшасы…» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қызметін кеңейту және қолданыс мәдениетін арттыру,ұлы Абай мұрасын кеңінен насихаттау арқылы жастардың қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген құштарлығын арттыру. Байқаудың ережесі қаладағы жоғары оқу орындарына, орта арнаулы білім орындарына, кәсіптік лицейлерге және жалпы орта мектептерге таратылды.
Жалпы іріктеу кезеңіне 16-29 жас аралығындағы 63 – үміткер өтініш білдірген. Іріктеуден 13 үміткер өткен.
Қатысушы үш тапсырма бойынша сынға түсті:
1. «Атақты ақын, сөзі алтын – хәкім Абай!». Ақынның поэзиялық шығармаларын мәнерлеп жатқа оқуы тиіс.
2. «Абай әлемі».«Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен оқу қажет.
3. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар…». Абай әндерін орындауы керек.
Сонымен байқау қорытындысы бойынша
ІІІ орын — Байғали Сұлтанбек, Анваров Бағлан және Әбілқазықызы Ғазизаға бұйырды. Ал жүлделі
ІІ орынды — Төлеби Мұсахан, Иса Жақсыгелді, Қозыбайқызы Аружан өзара бөлісті.
І орынды — Әбдіраманұлы Ердос иемденсе, сайыстың Бас жүлдесіне — Темірханқызы Аяна лайық деп танылды. Байқауға қатысушы барлық үміткерге диплом, алғысм хат және бағалы сыйлықтар табысталды.