ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 27 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 43 ЖОБА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

«Туған жер» арнайы патриоттық бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен жалпы құны 27 млн. теңгені құрайтын 43 жобалар мен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылған.

Атап айтқанда, 6 аз қамтылған отбасыға өз кәсіптерін ашу үшін демеушілер көмегімен 1 млн. 700 мың теңгеге қажетті құрал жабдықтар әперіліп, нәтижесінде 4 тігін цехы, 1 автокөлік жуу орны, 1 балаларға арнаулы қызмет көрсету орындары ашылды.

«Туған жер» патриоттық бағдарламасының «Өлке тану» бағыты бойынша аудан аумағында 17 сенбілік ұйымдастырылып, 5000 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

2019 жылы Шымкент қаласы әкімдігі мен «Шымкент қаласының Азаматтық Альянс» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген «Таза қала» акциясына байланысты аудан бойынша «Үлгілі аула» номинациясына 38 көпқабатты тұрғын үй, «Үлгілі көше» номинациясына жеке тұрғын үйлер орналасқан 35 көше қатысқан.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*