ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

А-2 «Алматы – Ташкент – Термез» және Темірлан тас жолы қиылысындағы жол айрығының оң жақ өткелдерін қайта құру жұмысымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерлерге жұмысты таяу арада бітіруде қатаң тапсырды.


Одан соң шаһар басшысы Темірлан тас жолы – Мангелдин көшелері қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына барды.

Өткелдің сапасына көңіл аударған әкім жұмысты жандандырып, нысанды халық игілігіне тезірек беру керектігін айтты.

Сондай-ақ, М.Әйтенов Қонаев даңғылының жалғасын ұзарту құрылысының басына барып, тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*