ШЫМКЕНТ: ГИДТЕР МЕН ЭКСКУРСОВОДТАРҒА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкент қалалық туризм басқармасы гид-экскурсоводтары мен туризм саласында білім алатын жас студенттерге арналған оқыту сабақтарын өткізді.

Шеберлік-сағатын белгілі тарихшылар мен кәсіби гид-экскурсоводтар жүргізді.

Туристік шеберлік-сағаттың мақсаты – туристік индустрия жұмысының жеке, топтық немесе корпоративтік тиімділігін арттыру. Студенттер арасында болашақта туризм бағытын таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ студенттерді гид-экскурсовод жұмысының дағдыларына үйрету.

Сабақ барысында «Цитадель» жобасы», «Абай және аль-Фараби тарихы» және «Кәсіби тілдесудің мәдениеті» тақырыптары қамтылды.

Аталған іс-шараға «Мирас» университеті мен «Мирас» колледжінің Туризм кафедрасының студенттері, сондай-ақ қалалық мұражайлардың гид-экскурсоводтары мен волонтерлар лигасының еріктілері қатысты.

50-ден астам қатысушы кәсіби мамандардан шеберлік-сағаты барысында керекті ақпарат ала алды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*