АРНАЙЫ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы және «ТМД елдерінің мəдени астанасы» атануына орай қалада республикалық жəне халықаралық деңгейде өтетін көптеген іс-шаралар жоспарланды.Осыған байланысты өтетін іс-шаралардың дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында «Көрме» орталығында штаб құрылды.

Штабтың жетекшісі болып қала əкімінің орынбасары М. П. Исахов бекітілді.

Ал штаб жетекшісінің орынбасары қызметін қалалық «мəдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер» басқармасының басшысы Р. М. Мыңбаев атқарады.

Штабтың жұмысы мен атқарылып жатқан жұмыстардың іске асу барысын аптаның әр сенбісінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей өзі қадағалап отыратын болды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*