АБАЙ – ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БІЛГІРІ

Шымкент қалалық сотта Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай — қазақ құқығының білгірі» атты іс-шара өтті. Ерекше форматтағы жиынға қалалық, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, зиялы қауым өкілдері, сот қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.


Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада студенттер, ЖОО-ның оқытушылары ұлы ақынның қара сөздерінен үзінді оқып, ойшылдың көркемсөз шеберлігін паш етті. Сондай-ақ кемеңгердің ағартушы, классик ғана емес, қара қылды қақ жарған әділдігі де жаңа қырынан танылды.

Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков Абай мұрасының өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Басқосуда абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпханұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Баршагүл Исабек Ұлы Абайдың өлеңдерінің рухани құндылығын таныта түсті. Философиялық әңгімелері мен қара сөздерінің маңыздылығына баяндама жасады.

Мұнан бөлек, қалалық Ж.Шанин атындағы қазақ-драма театрының актері, Қазақстанның мәдениет қайраткері Еркінбек Шымырқұлов Абайдың қара сөздерінен үзінді оқыса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Құрманбай Шойынбаев Абай әндерін орындады. Сонымен қатар, жастар да ақын өлеңдерін оқып, белсенділік танытты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*