ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ «ТҰРАН» ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Таяуда өткен қала әкімінің есебінде бірқатар шағынаудан тұрғындары инфрақұрылым мәселелері жөнінде шағымдарын жеткізген еді. Сол шағымдар бойынша бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» және «Тассай» шағынауданы тұрғындарымен кездесті.

Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен «Тұран» шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерімен танысты. Онда тұрғындарды газ, су, жарық жүйелері құрылысы алаңдатады.


Қала әкімі бұл жұмыстардың бәрі жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

– Мәселелеріңіз уақыт сәтімен шешіледі. Кәріз жүйесінен басқа аталған инфрақұрылым жүйелер құрылысы 2021 жылы толық аяқталады. Енді әр аудандағы өзекті деген инфрақұрылым мәселелерімен танысып шығамын, – деді қала әкімі.

Шаһар басшысы «Тассай» шағынауданы тұрғындарының да мұң-мұқтажын тыңдады. Ондағы тұрғындар қалдық суды кетіріп, жол салуды, жарық орнатып беруді сұрады. Қала әкімі жыл соңына дейін инфрақұрылым жүйелері ретке келтірілетінін айтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*