Менің ағашым менімен бірге өседі

Шымкенттегі №90 жалпы орта білім беретін мектебінде «Менің ағашым менімен бірге өседі» атты іс-шара өтті.

Ағаш отырғызу- аталмыш білім ордасында жылда жалғасып келе жатқан дәстүр. Республикалық ғылыми жоба, пән олимпиадасының жеңімпаздары, жетекшілерімен бірге мектеп директоры Арман Шымбайұлының бастамасымен мектеп ауласына арша ағашын отырғызған.


Арша-кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаштың тұқымдас тармағы. Аршаның емдік қасиеті бар, халық емінде кең қолданыста жүреді. Мектеп ұжымының айтуынша, шәкірттері осы аршаның қасиетіндей мәңгі көркейіп, елге пайдасы тиетін азаматтар болсын деген ниетпен арша ағашын отырғызыпты.

Айта кетейік, биыл Шым қаламызда бір миллион түп көшет отырғызылмақ.
«Алда қаланы абаттандыру ісіне ерекше мән береміз, тазалық шараларын жиі ұйымдастырамыз. Сондай-ақ миллион тұрғыны бар қалаға миллион көшет отырғызу жобасын қолға алмақпыз. Бұл қоршаған ортаға, сүйікті қаламызға деген қамқорлық пен мәдениетімізді жоғарылата түседі деп ойлаймын. Барша шымкенттіктерге айтарым, үлкен жауапкершілікті сезініп, мәдени астана жылын абыроймен өткізуге хал-қадерімізше үлес қосайық дегім келеді»,- деген болатын қала әкімі Мұрат Әйтенов республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатынды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*