ШЫМКЕНТТЕ «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТУДЕ

Бүгін Шымкентте республикалық дебат турнирінің ашылу салтанаты өтті.

«Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирі алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында өтуде.
Жоба жастардың бойында тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынас мәдениеті бойынша білімін, білігін және дағдыларын қалыптастыруға, ұлты басқа құрдастарына толерантты қарым-қатынас дағдыларын дарытуға, өзге ұлт өкілдерінің әдет-ғұрып, дәстүрлерін зерделеуге мүмкіндік береді.

Пікір сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Актөбе, Алматы, Ақмола, Атырау, Павлодар, СҚО, БҚО, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 17 команда қатысуға ниет білдірген.

Дебат ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Елбасының идеяларын жүзеге асыра отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында өткізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*