ШЫМКЕНТТЕ «МЕКТЕП ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖАСАҚТАЛДЫ

Шымкентте «МЕКТЕП ЖАСТАР ЛИГАСЫ» жасақталды

Бүгін Шымкентте мектеп көшбасшылары мен түрлі салада жетістікке жеткен оқушыларды бір алаңда біріктіретін «МЕКТЕП ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ» ашылу салтанаты өтті.

Шара Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілуде.
Жастар кездесуінің барысында лига жасақталды. Лиганың мақсаты: оқушылардың түрлі салаларда дамуын қамтамасыз ету, мектеп жасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары көшбасшыларының басын бір ортаға жұмылдыру. Сондай-ақ оқушылар мәдениетін көтеруге, спортқа деген ұмтылысын арттыруға, білімін жетелеуге, бос уақытын дұрыс пайдалануға бағытталған.

«Мектеп жастар лигасын» ұйымдастырушылардың бірі Дана Базарбаева:
— Қазіргі таңда студенттермен көптеген волонтерлық акциялар жүреді. Ал оқушыларға көп басымдылық берілмейді. Соны ескере отырып, Мектеп жастар лигасын құрдық. Мұндағы мақсаттың бірі, Шымкент қаласындағы мектептердің көшбасшыларын жинап, біріктіру. Сонымен қатар, мектеп жастар лигасы бір топта жұмыс істеумен қатар, олардың волонтерлық қасиет және көшбасшылық қасиеттерін дамыту.

Тәртіп бойынша, «Мектеп жастар лигасының» мүшелері өз ұсыныстары мен ұйымдастыратын шараларын қалалық Жастар Ресурстық орталығына бағыттайды.
Ашылу салтанатына жиналған белсенді оқушылар лига қатарына тіркеліп, көшбасшылық қабілеттерін жетілдірмек ниетте тарқасты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*