ШЫМКЕНТ: 300 ВОЛОНТЕР АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТЕДІ

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осының негізінде шаһардағы 11 ЖОО мен мамандандырылған орта оқу орындарының 3000 студенттерінің арасынан 300 ге жуық волонтер кәсіби даярлықтан өтіп, олар қаламызға келетін қонақтарды күту және бағыттаушы, көмек көрсетуші волонтерлар қатарында болмақ. Ол үшін волонторлардың жол шығындары қажеттіліктері толық өтелмек.

Волонтерлар ырыктекден өткен соң «Bilim», «Qamqor», «Umit», «Sabaqtastyq», «Taza Alem» жане «Saulyq» 7 салалық бағыттары бойынша және Шымкент қаласы ТМД елдері мәдени астанасының салтанатты ашылуында волонтерлардың қызметіне байланысты жұмыс жүргізу болып табылады. Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістететін шараның жоғары деңгейде өтуіне волонтарлардың жұмысын жүйелі ұйымдастыру аса маңызды.

«Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязованың айтуынша, волонтерларды іріктеуде олар ең әуелі жастардың патриот болуы, жауапкершілігі жоғары және қазақ, орыс, ағылшын тілін жақсы меңгеруіне де мән беретінін жеткізді.

ТМД елдерінің мәдени астанасының салтанатты ашылу рәсіміне 300-ге жуық волонтер арнайы курстан өтетін болады. Ал жыл соңына дейін аталмыш лиганың үшінші мегаполистегі өкілдерінің санын 3000 жеткізу көзделген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*