ШЫМКЕНТ: «ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙДА ӨТЕДІ?

Щымкенттің «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының астанасы» статусын ресми тапсыру салтанаты және ашылу рәсімі, ТМД елдері өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік Гала-концерті 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионында өткізу көзделуде.

Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен ТМД елдерінен 200 өнерпаз қатысатын болады. Ашылу салтанатына 18 мыңнан астам қала тұрғындары мен ТМД-ның және республиканың мәртебелі қонақтары тамашалайтын болады.

Салтанатты шара ТМД қатысушы елдерінің керуен-шеруімен басталып театрландырылған қойылыммен жалғасады. Бағдарламада көне қаламыздың тарихы мен келешегі баяндалады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*