ШЫМКЕНТТЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ

Шымкенттіктер көктемнің алғашқы күнін ерекше етіп қарсы алды. Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» Аутрич, NEET жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері өзара қаржы шығарып, мекеме алдында концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мегаполис тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, дастархан жайып, ас берді.


– Наурыз келді, көктемнің алғашқы күндерінің шуағына шомып, мәз-мейрам боп жүрген жағдайымызды елмен бөлісейік деген ниетпен қаламыздағы аз қамтамасыз етілген бірқатар отбасы мен ерікті жастарға дастархан жайдық, – дейді Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» Аутрич NEET жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Шоқан Жанәбіл.

Игі бастамаға куә болған қала тұрғындары жастардың игі бастамасына риза болып қайтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*