ШЫМКЕНТ: ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫНДА «ВОЛОНТЕРЛАР КАБИНЕТІ» АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратанда «2020 Волонтерлар жылы» аясында ауданның белсенді, ерікті жастарына арнап «Волонтерлар кабинеті» ашылды.

Осыған орай, алдағы уақытта Еріктілердің қатысуымен және атсалысуымен бірлесе бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, атап айтсақ: 1.Әлеуметтік бағыттағы шаралар, 2.Мәдени бағыттағы іс-шаралар, 3. Қаламыздағы тазалық акциясы бағытындағы жүргізілетін шараларды арнайы ашылған кабинетте белсенді еріктілердің қатысуымен аталған мәселелер талқыланып, аудан әкімі аппаратымен бірлесе жұмыс жүргізілетін болады.

— Құрметті волонтерлар, арнайы ашылған кабинетте көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызды ортаға салып, еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарыңызды жеткізуге болатындығын және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін білімдеріңізбен мен күш-жігерлеріңізді ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамын,- дейді аудан әкімі Ғ. Мәуленқұлов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*