Бүгін Шымкенттегі Көрме орталығында «Көне құмыраның сыры» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті.
Еліміздің рухани жаңғыру бағытында Шымкент қалалық әкімдігінің тапсырысымен жасалған «Көне Құмыраның сыры» атты анниациялық фильмі ұлттық құндылықтарымызды паш етіп, келер ұрпақтың санасына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіруге бағытталады.
Биылғы жылы Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай аталған фильм барысында Ұлы тұлғаларымыз дәріптеліп, Мемлекеттік Рәміздеріміз насихатталады.
Аружан мен Әжіран есімді оқушы қыздар мектепте қазақ халқының тарихына қатысты шығарма жазу жөнінде тапсырма алады.
Олар қажет мәліметтерді алуға мұражайға келеді. Мұражайдағы тұрған Көне Құмыраға кездеседі.
Содан Көне Құмыра білімпаз қыздардың өтінішімен оларды ерте заманға апарып, сол кездің өмірін көрсетеді.
Олар көне кезеңде жүріп, көптеген шым-шытырық оқиғаларға кезігеді. Қыздар көне Отырарда Ұлы ұстаз Әл-Фарабимен жолығып, сұхбаттасады. Киелі Қазығұрт тауының басында Елтаңбамызда бейнеленген қанатты Пырақпен кездеседі.
Көне заманға саяхаттап қайтқан Аружан мен Әжіран қазақ тарихы жөнінде шығармаларын жазып, бестік баға алады.
Сценариін жазған және режиссері: Батырхан Дәуренбеков
Продюсері: Нуриддин Паттеев
Композиторы: Руслан Шынықұлов
Қоюшы суретші: Самат Нұралиев