Шым қаламызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылдың екінші жартысында «Туристік клуб» ашу жоспарланып отыр.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды.
Орталықта Шымкент қаласы туризм басқармасы өкілдері «Шымкент — 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы» атануына орай атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарларымен бөлісті.
Туристік клубтың басты мақсаты – туризм мамандарын дайындау, оларды оқыту.
«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шеңберінде келетін қонақтарға сапалы қызмет көрсету мақсатында Қалалық туризм басқармасының бастамасымен туристік индустрия өкілдеріне біліктілікті арттыру тренингтері ұйымдастырылады.
Өткен айда қаланың гид-экскурсоводтарына арнайы оқыту жұмыстары жүргізілсе, бұдан кейін отельерлерге, менеджерлеге және өзге де қызмет көрсету мамандарына оқыту жұмыстары жүргізілетін болады.