«ЦИТАДЕЛЬ» ҚАМАЛЫ МАУСЫМ АЙЫНДА АШЫЛАДЫ

2020 жылдың маусым айында Шымкент қаласының басты туристік нысанына айналады деп жоспарланып отырған Цитадель қамалының ашылуы жоспарлануда. Осы орайда Қазақстанның туристендіру картасының ТОП-50 нысанына енгізілген «Ескі қалашық» кешенінің шебер-жоспары әзірленбек.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық туризм басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Қалқабаев мәлімдеді.


Азамат Мұратбекұлының айтуынша, «Мәдени астана» аясында келетін қонақтар мен жалпы қалаға келуші туристерге ақпараттық және консультациялық көмек көрсету мақсатында 20 наурызға дейін қалада 5 туристік ақпараттық дүңгіршек орналастырылмақ.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде QR-төлқұжаттар орналастырылуда. Бүгінгі күні 20 нысанға төлқұжат қойылса, 20 наурызға дейін қосымша 10 нысанға орналастырылмақ. Бұл QR-төлқұжаттарға аудиогидтер жазылып, IZI travel халықаралық туристік платформасымен интеграцияланған.

Сонымен қатар, туристік нысандарға бағыттайтын стелалар әзірленуде. Жақын тұрған туристік нысан туралы ақпарат беріп, картада оның орналасу нүктесін көрсете алатын стелалар қаланың 30 нүктесінде мамыр айының басына дейін қойылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*