АЗЫҚ –ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баға тұрақтылығын бақылау мақсатында «GraMad» көтерме тарату орталығында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді. Мұнда делдал қызметінсіз өндіруші өнімдері тікелей тұтынушыға ұсынылады.


Сонымен қатар, қала басшысы әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін шығаратын «Meir-Trade Distribution Company» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аралау барысында әкім кәсіпкерлерге азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатпауға шақырды.

Бұдан бөлек, Мұрат Дүйсенбекұлы жұмысшы топпен теміржол вокзалының жұмысымен танысып, әлеуметтік маңызы бар ғимаратты қайта құру мәселесін талқылады. 1968 жылы салынып пайдалануға берілген вокзалға 2010 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Шымкент қаласында — республикалық маңызы бар қала мәртебесіне лайықты теміржол вокзалы болу қажеттігін айтқан қала әкімі нысанды қайта құру арқылы жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және туристерді аймаққа тартуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Сайрам су өзенінен өтетін апатты жағдайдағы көпірді қайта құру жұмыстарымен танысқан қала басшысы жауапты мамандар мен мердігерге жұмысты ширатуды айтып, нысанды уақытында аяқтауды қатаң тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*