ШЫМКЕНТ: ОҚУШЫЛАР ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Төтенше Жағдайлар қызметкерлері оқушыларға өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын түсіндірді. Сондай-ақ өрт орын алған жағдайдағы іс-қимылдар туралы да ескертті.

Газ-түтіннен қорғау қызметі бекетінде өрт сөндірушілер түтінді ортада қолданатын сығымдалған ауасы бар тыныс алу аппараттары көрсетілді. Гаражда қонақтарға өрт сөндіру техникалары және өрт сөндіру-техникалық жарақтары: желі, оқпан, саты, сонымен қатар, өртті сөндіретін заттарды секундына 40 литр жылдамдықпен түтік құбыр бойымен отты өшіру үшін беруге мүмкіндік жасайтын өрт сөндіру автокөлігінің жүрегі «өр сөндіру сорғысы» көрсетілді.

Балалар үлкен қуанышпен арнайы киімдерді киіп, өрт сөндіру автокөлігінің кабинасында жауынгерлік экипаждың орнына орналасты. Одан кейін өрт сөндірушілер дабыл бойынша жиналу, шығу, жауынгерлік қанат жаю және автоцистерна арқылы су беру сәтін көрсетті.

Одан әрі №3 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Р. Письменский азаматтық қорғау органының білікті офицерлерін даярлайтын елімізде жалғыз оқу орын болып табылатын ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу тәртібі және артықшылықтары туралы айтып берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*