Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театрының сахнасында Б.Жакиевтің «Әке тағдыры» драмасының премьерасы өтті. Драма Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналды.
Қойылым соғыстан қайтпаған баласын келер деп үміт үзбеген әкенің, жесір қалған келінімен немересін бөлісе алмаған атаның айналасында өрбиді.
Көпшіліктің көңілінен шыққан қойылым театрдың қоржынына енген екінші драма жанрындағы туынды.