Шымкент қаласы бойынша 13 санитарлық бекетте медицина мамандары тәулік бойы кезекшілікте тұр.
Қалаға кірген көліктер тоқтатылып, дәрігерлер жүргізушіден бастап жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Бұл үшін қаланың кіретін жолдарындағы блок-бекеттерге 13 жедел медициналық жәрдем бригадасы (13 санитарлық автокөлік, 13 фельдшер, 13 жүргізуші), 45 орта медициналық қызметкер (фельдшер, медбике) жұмылдырылған.
Блок-бекеттердегі медициналық пункттер сымсыз термометрлермен толық қамтамасыз етілген. Санитарлық бекеттер талапқа сай жұмыс істеуде.
Айта кетейік, медицина мамандары 8 сағаттан сайын ауысып, үш ауысымда жұмыс істейді.