ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 116 НЫСАН ЖҰМЫСЫН УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 116 кәсіпкерлік нысаны жұмысын тоқтатты. Атап айтқанда, 28 мейрамхана, 3 сауда – ойын-сауық орталығы, 36 монша кешені, 13 бильярд, 18 интернет клубы және 18 букмекерлік кеңсе жабылды.

Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.
—Аудан аумағындағы Евразия, Бенефис, Әсел, Алтын Орда базарларының жұмысы тоқтатылды. Ал, Исатай, Көктем базарлары мен Айна базарының азық-түлік сататын бөлігі 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеулі режимде жұмыс істеуде. Еңбекші ауданы «Айна» базарындағы «Көктем» автобекеті өз жұмысын ағымдығы жылдың 25 наурыздан бастап тоқтатты, — деді аудан әкімі.

Ғ.Ілиясовтың айтуынша, «Фосфоршылар» сарайы мен «Әсел» базарының алдында апта сайын өтетін азық-түлік жәрмеңкелері де жұмысын тоқтатқан. Сонымен бірге, аудандағы телефон сататын 7 дүкен уақытша жабылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*