ШЫМКЕНТ: МЕШІТТЕ БЕТПЕРДЕ ТІГЕТІН ЦЕХ АШЫЛДЫ

Сovid-19 жұқпалы індетінің алдын алу бойыша Шымкент орталық мешіті жанынан арнайы тігін шағын цехы іске қосылды.

Игі бастама Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылды.Тігін цехында қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанованың шәкірттері мен ерікті 16 тігінші қыз-келіншектер үлес қосуда.

Негізгі мақсат — ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасына қолдау көрсетіп, осындай ел басына төнген қиын-қыстау заманда халыққа көмектесу болып саналады.

Бүгінгі күнге дейін 2500-ден астам бетперде жасалып, тиісті орындарға қайырымдылық негізінде тегін үлестіріліп жатыр.

Ал бетпердеге (маскаға) қажетті материалдарды орталық мешіттің найб имамы Мұхамеджан Естеміров пен іс басқарушысы Абай Қамбар және қалаға қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан бас имамдары демеушілер арқылы қарастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтаусыз жалғасады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*